27.04.2021, 9:24
Оқылды: 83

Құрметті батысқазақстандықтар! Қадірменді ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс миллиондаған адамның бейбіт өмірге оралуына ықпал етті. Ең ауыр сынақ болған соғыс жылдарында біздің халқымыз Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен рух күшін паш етіп, асқан батылдық пен төзімділік көрсетті. Біз жерлестеріміздің Ұлы Жеңіске қосқан үлесін мақтан тұтамыз. Бұл мереке бәрімізге орасан күш-жігер сыйлап, ел азаматтарының үлкен-кішісін біріктіреді. Игі дәстүр әр отбасының, әр адамның тағдырына мәңгілікке жазылған. Шектен шыққан ұлтшылдықты талқандап, Отанын жаудан азат еткен батырлардың ерлігі әрқашан есімізде.

аудан аким куттыктауларына (2)

Біз ардагерлер аманатқа қалдырған Отанға жанқиярлықпен қызмет ету жолындағы ұлы дәстүр мұрагерлері екендігімізді шын жүректен мақтан тұтамыз. Ұлы еске алу күні – Жеңіс күнімен осы мерекенің басты қаһармандары – ардагерлерді құттықтағым келеді. Олар бейбітшілік жолында жанқиярлық ерлік жасап, жан беруге даяр болғаны үшін алғыс айтамын. Сіздерге зор денсаулық, материалдық игілік, ұзақ ғұмыр және бейбіт өмір тілеймін!

 

Ізгі тілекпен, «БатысСуАрнасы»

ЖШС-ның директоры

Қайырғали Имашев

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады. 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале