23.04.2021, 9:45
Оқылды: 196

Құрметті майдангерлер мен тыл еңбеккерлері!

1945 жылдың 9 мамыры Кеңес әскерлерінің неміс басқыншыларын жеңген күн ретінде халықтың жадында мәңгі сақталары сөзсіз. Жеңіс күні – үлкен қуаныш пен қайғы-қасіреттің мерекесі. Сондай-ақ көзі тірі жандарға құрмет көрсетіп, қан майданда қаза тапқан боздақтарды еске алатын күн.

аудан аким куттыктауларына (3)

Статистикалық деректерге сүйенсек, Ұлы Отан соғысына 1 миллион 378 мың қазақстандық қатысқан екен. Менің атам Дәулетқали Сембиев те Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол Сталинградта болған сұрапыл шайқастарға қатысқан. Өзінің әскери бөлімінің құрамында болып, майдан даласымен Польшаға дейін жүріп өткен. Ал 1945 жылы Берлиннің маңында болған шайқаста ауыр жарақат алған. Соғыстан кейін көп жыл бойы Казталов ауданының Жалпақтал ауылында тұрып, ауылшаруашылығы саласында жұмыс істеді. Аталған ауылдағы К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің мұражайында атамыздың жауынгерлік жолын бейнелейтін тақта орналасқан.
Ал менің әкем Мұқас Сембиев – тыл еңбеккері. Ол 11 жасар жасөспірім шағында колхозда үлкендермен тең дәрежеде жұмыс істеген. Балалық шағы ауыр еңбек пен аштыққа, қиындыққа толы болған. Ұлы Отан соғысы бүкіл халық үшін ең үлкен сынақ болды. Сондықтан біздің қазіргі міндетіміз – ардагерлеріміздің жанкешті ерліктері мен қайсарлығы туралы естеліктерді сақтап, келер ұрпаққа дәріптеу болып табылады.

Жеңіс күнін тойлау қарсаңында мен алдыңғы қатардағы жауынгерлерімізге, қан майданға қатысушылар мен тыл еңбеккерлеріне ерліктері үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер фашизмге қарсы шайқасқа төтеп беріп, бізге бейбіт өмір сыйладыңыз.
Сол арқылы келер ұрпақты өз елімен мақтануға, еркіндікті бағалауға және кездескен қиындықтарға қарсы тұруды үйреттіңіз.

Біз әрқайсыңызбен мақтанамыз және сіздерге шын жүректен мықты денсаулық тілейміз!

 

Бибігүл Жұмағұлова,
БҚО кәсіпкерлер палатасы Бөкей ордасы аудандық филиалының директоры, аудандық мәслихаттың депутаты

 

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады.

 

zhaikpress

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале