13.04.2021, 0:46
Оқылды: 165

Құрметті соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

Сіздерді алда келе жатқан Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстандықтар үшін бұл мереке – батырлық пен табандылық, патриотизм мен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Келешек ұрпағымызға дейін Отан қорғаушылардың қаһарман ерліктері ұмытылмайды. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау – әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы.

 аудан аким куттыктауларына (4)

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесі деп тойласақ та, оның салмағының ауыр болғанын бүгінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпауы тиіс. Өңірлеріне жарқыраған орден-медальдарын таққан ардагер ағаларымыз бұл күнді асыға күтеді. Бұл күн – Жеңіс күні болуымен қатар, соғыстан оралмаған үзеңгілестерін еске алып, жанарларынан тамған жас  өткен күннен белгі беріп тұрғандай...

Тасқала – үш бірдей Кеңес Одағының Батыры және бір «Даңқ» орденінің толық иегері шыққан киелі мекен. Қазір Тасқалада ауданымыздың мақтанышы Рабиға Зайнуллина апай тұрады.

Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз! Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз!

Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп, алғыс білдіреміз!

Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, жауынгер-интернационалистерді, Қазақстан әскерлері қатарында қызмет өткеріп жүрген барлық азаматтарды кез келген уақытта Отан қорғауға даяр жандарды осынау ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

 

Игі тілекпен,

Тасқала ауданының әкімі Алдияр Халелов

 

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады.

  

zhaikpress

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале