30.04.2021, 0:25
Оқылды: 100

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Халыққа ең қымбат, сәулелі, сүйікті мереке майдангерлерге, олардың балалары мен немерелеріне, тіпті шөберелеріне дейін ортақ екені айдан анық. Әр отбасында өзіндік тарих тәлімі бар екені белгілі.

аудан аким куттыктауларына (1)

9 мамырда майданның алғы шебінде соғысқандарға және тыл ауыртпалығын көтергендердің әрқайсысына құрметпен бас иеміз әрі зор алғыс айтамыз.

Қан майданнан оралмағандарды көзімізден жас ала отырып, қайғыра еске аламыз. Майдан мен тыл батырлары туралы естеліктер әрқашан жүрек төрінде сақталады.

Қасіретті де жанқиярлық ерлік оқиғаларын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – бізге міндет. Біз бейбітшіліктің құны аса қымбатқа түскенін ұдайы ескеріп жүруге тиіспіз.

Майдангерлер мен тыл еңбеккерлері, сіздерге мың тағзым! Даналық шарапаттарыңыз бен зор  қолдауларыңызға шексіз ризамыз.

Жас ұрпақ пен жалпы қоғамның ыстық ықыласына бөленіп, ортамызда аман-есен  жүріңіздер. Мейірім шуағын тілейміз. Қамқор да сүйікті адамдарыңыз әрдайым қасыңызда болсын!

 

Арман БАЙДЕУОВ,

«Облыстық көпбейінді аурухана» ШЖҚ МКК-ның директоры

 

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады. 

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале