27.04.2021, 9:28
Оқылды: 97

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері

 

Сіздерді Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл  – Қазақстан халқының ерлігін, батылдығын, абыройын паш етумен қатар, бейбіт өмір мен Отан үшін жан қиған жауынгерлерімізді еске алатын маңызды мереке. Майдан даласында қан төгіп, жан қиған қайсар бабалар рухына мың мәрте бас иіп, тағзым етеміз. Майдандағы аталардың абыройлы ерлігін мақтан тұтамыз.

аудан аким куттыктауларына (4)

9 мамыр күні бойымызда жалынды жігер толқып, қасірет пен қуаныштың салмағын терең сезінеміз. Ардагерлерімізді ардақтап, тыл еңбеккерлерінің шерлі де сырлы әңгімелерінен келешек өмірімізге үлгі аламыз.

Қадірлі ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр  тілейміз! Жеңіс күні құтты болсын!

 

Құрметпен,

"Жайық-Ет" ЖШС-ның ұжымы

 

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады. 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале