13.04.2021, 0:40
Оқылды: 246

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері!

Баршаңызды Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Неміс фашизміне қарсы күресте біздің Ұлы Жеңіске жеткенімізге биыл 76  жыл толғалы отыр. Соғыс әрбір отбасына үлкен қайғы-қасірет әкелді, жүректерге жазылмас жара салды.

 аудан аким куттыктауларына (1)

Қазақстандықтар ұрыс даласында да, тылда да асқан ерлік пен ерен еңбек үлгісін көрсетті. Ел басына күн туған уақытта сексен мыңға жуық батысқазақстандық жерлестеріміз Отан қорғауға аттанды. Олар ұрыс даласында өмір мен өлімнің ортасында жүріп, бізге бүгінгі жарқын өмірді сыйлады. Ал ұрыс даласында туған жер, туған ел үшін опат болған боздақтардың есімдері ешқашан ұмытылмақ емес.

Сіздер елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Ал бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек етіп, қандай іске де белсене қатыстыңыздар. Әлі күнге дейін даңқты ерлік дәстүрлеріне адалдық пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келесіздер.

Құрметті ардагерлер!

Өздеріңіз аманат қылған бүгінгі бейбіт аспан астында өмір сүріп отырған барлық адамның сіздерге деген алғысы шексіз.

Біз жеңімпаз  әкелердің ұрпағы екенімізді, халықтар арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға ұрпақтың жалғасы екенімізді мақтан етеміз. Бүгінгі ұрпақты береке-бірлікке, ынтымақты тірлікке тәрбиелеу ісіне атсалысып жүргендеріңізге қуаныштымыз.

Ешкім де ұмыт қалмайды, ешнәрсе де ұмытылмайды. Замана дауылына төтеп беріп, сұрапыл сыннан сыр бермей өткен сіздерге мың мәрте тағзым етеміз.

Тәуелсіздігіміз баянды болуы үшін Отанымызды қорғай білуге тиіспіз және еліміздегі еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін отаншылдық рухты шыңдауымыз қажет. Бұл мемлекеттің және қоғамның алдындағы міндет болып табылады.

Ұлы Жеңіс үшін, өшпейтін ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымды қабыл алыңыздар. Баршаңызға денсаулық, қажымас қайрат,  отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін!

 

Әлия Мұханбетжанова,

Шыңғырлау ауданының әкімі

 

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады.

 

 zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале