Күзде шаш көп түсуі тек маусымдық өзгеріске байланысты емес. Жаздағы ауру, қатты күйзеліс немесе күрт салмақ тастау бірнеше айдан кейін шаш түсуіне әсер етуі мүмкін. Бұл туралы трихолог Есения Гудова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: istockphoto.com
Маманның сөзінше, шаш шамадан тыс түсуін тек жыл мезгілімен байланыстыруға болмайды. Бұған ауру, қатаң диета, темір тапшылығы, денсаулыққа қатысты басқа да мәселелер себеп болуы мүмкін.