7.04.2021, 9:55
Оқылды: 154

Қылмыстық істер саны күрт артқан

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот өндірісіне биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 52 тұлғаға қатысты 31 қылмыстық іс түскен. Үш айда тіркелген істер саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 58%-ға өсіп отыр. Бұл туралы WhatsApp мессенджері арқылы онлайн режимінде өткен брифингте аталған сот төрағасының міндетін атқарушы Бақыт Ермаханов мәлімдеді.

1C024645-E9E3-46A3-A1AB-6082E953B8DE

Судияның мәлімдеуінше биылғы үш ай мерзімде өткен жылдан қалған істерді қоса есептегенде 12 тұлғаға қатысты 12 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылған. Сотталған 11 адамға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болса, бір қылмыскердің бостандығы шектелген.

Сонымен қатар 40 тұлғаға қатысты 19 қылмыстық іс қаралу сатысында. Айта кетейік, өткен жылдың осындай мерзімінде екі тұлғаға қатысты екі қылмыстық іс қаралған екен. Яғни былтырғы жылмен салыстырғанда қылмыстың пайыздық деңгейі 89.4% өскен.

Есепті мерзім ішінде сотпен әйел адамға қатысты  қылмыстық іс қаралмаған болса, кәмелеттік жасқа толмаған бір адам істі болған.

Ал апелляциялық сатыға 8 үкім бойынша шағым түсіп, 7 үкім өзгеріссіз қалдырылған, бір үкім қаралу барысында.

Нұрбек Зәкәрияұлы,

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале