20.11.2023, 10:15
Оқылды: 34

Қылмыстық топтың мүшесі Германиядан экстрадицияланды

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Интерполдың көмегімен Германия Федеративтік Республикасынан «OLIMP.KZ букмекерлік кеңсенің» қызметіне байланысты қылмыстық топқа қатысқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстанның азаматын экстрадициялады.

ЖП АҚША

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 2014-2019 жылдары қылмыстық топтың құрамында заңсыз құмар ойындарды өткізуге, салық төлеуден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтаруға, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысқаны үшін күдіктелінді.

Аталған құқыққа қайшы әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 86,7 миллиард теңгеден астам шығын келтірілді.

Осыған байланысты оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және оған халықаралық іздестіру жарияланды.

Биыл мамыр айында ол Германияда ұсталған.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Айып тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеу, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Іздеуде жүрген адамды экстрадициялау германдық құзыретті органдармен тығыз ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды.

Бұдан басқа, Германиямен ұстап беру туралы шарттың болмауына қарамастан, биыл осы елден Қазақстанға адам өлтіру және есірткі саудасы бойынша күдікті тағы екі адам экстрадицияланған.

Германия тарапына қорқытып алу және зорлау қылмыстарын жасағаны үшін  іздеуде жүрген екі адам ұстап берілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале