30.04.2021, 0:21
Оқылды: 79

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді келе жатқан Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – әскери даңқ пен азаматтық ерліктің ең жарқын, салтанатты және шынайы халықтық мерекесі.

аудан аким куттыктауларына (3)

Ұлы Отан соғысының ауыртпалығы төнбеген бірде-бір отбасы жоқ. Әрбір үйде сұрапыл соғыс қаһармандары туралы қисса ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып жетуде. Отты шайқас және әскери шепте сіздер көрсеткен батылдық бен табандылық жолы бар ұрпақ үшін Отанға жанқиярлықпен қызмет етудің айқын үлгісі болды және солай бола бермек. Жеңіс жолында ауыр азап шегіп, басын қатерге тігу арқылы бізге өмір сүру мен күн сайын шаттыққа бөлену қуанышын сыйлаған адамдарға деген құрмет пен сыйластық бәріміздің жадымызда мәңгіге сақталады!

Ең шынайы әрі шырайлы, жарқын да жылы лебізімізді қабыл алыңыздар. Мығым денсаулық, нағыз адам бақытын тілеймін! Ешқашан ашық аспанды соғыс бұлты торламай, сіздің және сіз үшін қымбат адамдардың өмірінде шаттық пен үйлесімділік салтанат құрып, әр арайлы таңда жарқыраған күн нұрына бөлене беріңіздер!

 

Құрметпен,  

Талгат Ғабитұлы КАЗИЕВ,

 RT Group

 

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады. 

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале