9.04.2021, 11:27
Оқылды: 121

Қымбатты жерлестер!

Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан  болса, Ұлы Жеңіс – аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

аудан аким куттыктауларына (3)

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында біз Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухтарына бас иіп, тағзым етеміз. Біз есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейтін аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі,  жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын дегім келеді. Жеңіс мерекесі құтты болсын!

 

Құрметпен, Жәнібек ауданының әкімі

Азамат Сафималиев

 

Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады.

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале