21.07.2022, 16:47
Оқылды: 81

Қырғызстандағы кездесуде 5 елдің басшылары қандай құжаттарға қол қойды

 Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттерінің кездесу қорытындысы бойынша Өңірлік ынтымақтастықты дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

cd364b6ebad7408380d9c7241a4a2436

Сонымен қатар Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуінің бірлескен мәлімдемесі, Орталық Азия мемлекеттерінің көпжақты форматтар аясындағы өзара іс-қимылдар тұжырымдамасы, Орталық Азияға арналған «Жасыл күн тәртібі» аймақтық бағдарламасы қабылданды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарт келісілді және оған қол қою рәсімі басталды.

Сонымен қатар Аралды құтқару халықаралық қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Аралды құтқару халықаралық қоры президентінің өкілеттіктерін ұзарту туралы шешімге қол қойылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале