31.05.2018, 15:50
Оқылды: 69

Қырымбек Көшербаев пен Бірғаным Әйтімоваға «БҚО-ның құрметті азаматы» атағы берілді

pochetnye grazhdaneБүгін облыстық мәслихаттың кезекті 17-сессиясында депутаттар мемлекет және қоғам қайраткерлері Қырымбек Көшербаев және Бірғаным Әйтімоваға «БҚО-ның құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсынысты бірауыздан мақұлдады.

-Бүгін тарихи шешім қабылданып отыр. Тұңғыш Президенттің рөлі ерекше. Тәуелсіздіктің 27 жылы ішінде Қазақстанның жетістігі әлемдік аренадан өзіндік орнын алды. Тәуелсіздік алғалы бері алға деген даму қадамымыздың қарқыны жыл сайын артып, халықтың әл-ауқаты көтеріліп келеді. Соның ішінде «Өңірлердің дамуы – еліміздің дамуы» деген Елбасының қанатты сөзі бар, соған орай өңіріміз де жылдан жылға алға дамып, экономикасы ілгерілей түсті. Бұл - ортақ атқарған жұмыс.  Елбасы қабылдаған бағдарламалардың іске асырылуының нәтижесін халықпен бірге көріп отырмыз. Облыс орталығы дамып келеді. Бұл - үлкен еңбектің, мемлекетіміздегі тұрақтылықтың, көпұлтты мемлекеттің бірге, аянбай атқарған жұмысының нәтижесі.  Сондықтан халықтың ұсынысымен жаңа алаңға Тұңғыш Президенттің атын беру заңдылық, тарихи шешім деп санаймыз. Сондықтан қолдау көрсеткендеріңізге рахмет.

Темирболат Токмамбетов3Енді қазақтың өнерінің, тілі мен мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқан абыз ақын, өңіріміздің тумасы Қадыр Мырза Әлінің атын 5-шағын ауданға беруді заңдылық  деп санаймыз.  Ол да келер ұрпаққа өнеге болмақ. Екі азаматқа «Құрметті азамат» атағын беру – бізге келіп түскен ұсыныс. Толық қолдадық, сіздер де қолдап отырсыздар. Өңірдің дамуына үлес қосқан, Елбасының бағдарламаларын жүзеге асыруда сіздермен бірге еңбек еткен Қырымбек Елеуұлына «Құрметті азамат» атағының берілуі орынды. Бірғаным Сарықызы - осы өңірдің тумасы, осында білім алып, Қазақстанның мемлекеттік ісін атқарып жүр. Біріккен Ұлттар Ұйымында еліміздің мүддесін қорғады, қазір ҚР Парламенті Сенатының депутаты. Бұл да халықтан түскен ұсыныс, біз соны қолдадық. Бүгін үлкен мәселелер қарап отырмыз, баршаңызға рахмет айтқым келеді. Алдағы уақытта да атқарылатын жұмыстарымыз көп. Өңірдің дамуы жөнінде, ауыл шаруашылығына қатысты, инвестициялар тарту, индустриалды зауыттарымызды әрі қарай дамыту мәселелері тұр, - деді сессияда сөз алған облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале