29.09.2021, 10:44
Оқылды: 63

Қытай 2021 жылдың аяғында Күнді зерттейтін алғашқы серік ұшырмақшы

Қытайда биыл Күнді зерттейтін алғашқы жасанды серік (спутник) ұшырылады. Бұл туралы осы күндері өтіп жатқан Airshow China 2021 Халықаралық авиациялық-ғарыш көрмесі кезінде Шанхай ғарыш сапарлары технологиялары академиясы (SAST) мәлім етті.

2109290910437801g

SAST хабарлауы бойынша, Қытай осы жылдың аяғына дейін өзінің Күнді зерттейтін бірінші жасанды серігін ұшырмақ ниетте. Оның ішіндегі күн спектометрі Күннің суреттерін жинап, зерттеушілерге ондағы жарқылдар кезіндегі өзгерістерді бақылап отыруға мүмкіндік береді. SAST серіктің жіберілуінің Күнді зерттеуді ілгерілетіп, өнеркәсіптегі жоғары технологиялық салалардың дамуына ықпалдасып, Күнді халықаралық зерттеу ісіне үлесін қосады деп үміттенеді.

2109290910426000g

Еске сала кетейік, 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы Чжухай қаласында Airshow China 2021 13-ші Халықаралық авиациялық-ғарыш көрмесі өтуде. Биыл аталмыш көрмеде 40 ел мен өңірдің 700 компаниясының азаматтық және әскери техникасы, аэроғарыштық және қорғаныс өнімдерінің мыңдаған үлгілері көрсетіледі. Airshow China ұйымдастыру комиетті 14-ші Халықаралық аэроғарыш көрмесі Чжухай қаласында 2022 жылдың 2-13 қарашасы аралығында өтетіні туралы хабарлады.

Қазақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале