21.04.2025, 11:45
Оқылды: 75

Қытай әлемде алғаш рет 10G байланысын орнатты

Әлемде алғаш рет 10G байланысы іске қосылды, - деп жазады 24.kz

Business woman working on 10G technology on touch screen

Сурет: istockphoto.com

Әзірге ол Бейжіңге жақын Сюнъань ауданында сынақтан өткізіліп жатыр. Мамандар байланыс жұмысы тұрақты дейді. Белгі болғандай, байланыстағы кідіріс бар болғаны 3 миллисекундты ғана құраған. Бұл қазіргі технологиялардың жылдамдығынан ондаған есе артық. Ел билігі 10G өту цифлық инфрақұрылым үшін жаңа мүмкіндіктер ашады дейді. Жоғары өткізу қабілеті 8K форматындағы видео, бұлттық сервис, сондай-ақ виртуалды және үстеме шынайылық технологияларымен жұмысты жеңілдетеді. Қазір Қытайда 5G ұялы байланысы кеңінен қолданылады. 4 млн-нан астам базалық станция бүкіл елді қамтамасыз етіп тұр. Үкімет Ұлттық цифрландыру стратегиясының аясында 10G енгізу мақсатында 168 пилоттық жобаны қаржыландырған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале