16.01.2023, 17:45
Оқылды: 44

Қытай ғарышқа 14 спутник ұшырды

Қытай жексенбі күні «Чанчжэн-2D» зымыран-тасығышының көмегімен ғарышқа 14 жаңа спутникті ұшырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

11

Құрамында «Цилу-2» мен «Цилу-3» бар жаңа спутниктер Солтүстік Қытайдың Шаньси провинциясындағы Тайюань ғарыш айлағынан Бейжің уақытымен 11:14-те ұшырылды. Барлық спутник белгіленген орбиталарына жіберілді. «Цилу-2» мен «Цилу-3» дегеніміз - мүмкіндігі жоғары оптикалық спутник және екіншісі Жерді бақылауға арналған оптикалық бейнелеу құрылғылары бар кең жолақты оптикалық спутник. Олар Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясына жер ресурстарын, ауыл және орман шаруашылығын зерттеу, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ табиғат апаттарының алдын алу мен олардың салдарын жеңілдетуге қашықтан зондылау қызметін ұсынады. Айтып өткен спутниктер орбитадағы «Цилу-1», спутнигімен бірлесе жұмыс істейді. «Чанчжэн» сериялы зымыран-тасығыштар 462-ші рет ұшырылып жатыр.

«Чанчжэн-2D» зымыран-тасығышын Қытай аэроғарыш ғылымы және технологиясы корпорациясы жанындағы Шанхай ғарыш технологиялары академиясы жасап шығарды. Бұл зымыран-тасығыш сенімді әрі бейімделгіш және зымыран-тасығыштың бортында сериялық немесе параллель орналасқанда бір спутникті де, спутниктер сериясын да ұшыру талаптарына жауап береді. Осы мақсатта «Чанчжэн-2D» зымыран-тасығышының көмегімен ғарышқа 7 түрлі жасаушыдан шыққан 14 спутник ұшырылды. Бұған дейін Қытай 2023 жылы ғарышқа 60-тан астам ұшырылым жасап, ұлттық ғарыш тарихындағы рекордты жаңартатынын мәлімдеген болатын.

Еске салсақ, Қытай 2023 жылы ғарышқа 60-тан астам кеме ұшырады.
Фото: China National Space Administration

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале