17.08.2022, 10:00
Оқылды: 59

Қытайда 2 миллионға жуық адам құрғақшылықтан зардап шегуде

Шілде айынан бері Қытайдың бірнеше аймағында қатты құрғақшылық салдарынан 2 миллионға жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

220816175611371e

Фото: AFP PHOTO

Цзянси провинциясында (Шығыс Қытай) шілде айының ортасынан бері қатты құрғақшылық 1,38 миллионнан астам адамға әсер етті. Қытайдың осы провинциясының әртүрлі аймақтарында 11 мыңға жуық адам ауыз су тапшылығына тап болды. Сейсенбі күні Цзянси провинциясында аптап ыстыққа байланысты қауіптіліктің ең жоғарғы қызыл деңгейі жарияланды.

Сонымен қатар Чунцин қаласында (Оңтүстік-Батыс Қытай) құрғақшылықтан 600 мыңнан астам адам зардап шекті. Дүйсенбіде қалалық су тасқыны мен құрғақшылықты бақылау штабы мегаполистің бірнеше ауданында төтенше жағдайға қарсы әрекет етудің қызғылт сары деңгейін жариялады.

Құрғақшылық Қытайдың осы әкімшілік-аумақтық бірліктеріндегі ауыл-шаруашылығы өнімдеріне айтарлықтай зиянын тигізді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қытай билігі ел аймақтарындағы құрғақшылық салдарын жоюға 30 миллионға жуық АҚШ долларын бөлген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале