27.03.2022, 17:10
Оқылды: 52

Қытайда апатқа ұшыраған ұшақтың екінші «қара жәшігі» табылды

21 наурызда Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономдық ауданында апатқа ұшыраған China Eastern Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақтың екінші «қара жәшігі» табылды.

220327103348a3915604d

БҰл жайлы бүгін, жексенбіде елдің Төтенше жағдайларға ден қою ұлттық штабы мәлімдеді.

26 наурызда кешқұрым ресми ақпарат көздері Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында (Оңтүстік Қытай) апатқа ұшыраған China Eastern Airlines ұшағындағы 132 жолаушының барлығы қаза тапқанын мәлім еткен еді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале