29.12.2022, 10:46
Оқылды: 70

Қытайда қалың тұман салдарынан 200 көлік бір-біріне соғылды

Ірі жол-көлік апаты салдарын 11 өрт сөндіру көлігі мен 66 құтқарушы жоюға кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
1

Қытайдың орталық Хэнань провинциясының Чжэнчжоу қаласында қою тұман салдарынан 200-ден астам көлік соқтығысты, кем дегенде бір адам қаза тапты, деп жазды РИА Новости.

Оқиға 28 желтоқсан күні таңғы сағат 7:40-та (Астана уақыты бойынша 5:40) екі жақты көлік көпірінде болған. Тұманнан жол көрінбеген.

Құтқарушылардың бірі алғашқы болжам бойынша, жол апатында шамамен 200-ден астам көлік бүлінгенін айтты.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале