10.11.2022, 17:02
Оқылды: 38

Қытайдағы бай адамдар саны айтарлықтай азайды

Кем дегенде 5 миллиард юань (690 миллион доллар) байлығы бар Қытайдың ең дәулетті адамдарының саны рекордты қарқынмен азайды. Ал Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма рейтингіде тоғызыншы орында тұр. Бұл туралы Hurun институты (Хужун) жариялаған Hurun China Rich List баяндамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

8

Биыл тізімге 1305 адам кірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11% аз және олардың жалпы байлығы 3,5 трлн долларды құрады (бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18% төмен).
Ең бай қытайлықтар тізіміндегі бірінші орынды бөтелке су компаниясының негізін қалаушы Чжун Шаншан алған. Оның байлығы бір жылда 17% өсіп, 65 млрд долларды құрады.
Екінші орында ByteDance компаниясының негізін қалаушы Чжан Имин тұр, оның байлығы – 35 млрд доллар.
Үштікті CATL отын элементтері мен литий-ионды аккумуляторлар өндірушісі Цзэн Юйкунь тұйықтады, дәулеті – 32,9 миллиард доллар.
Alibaba негізін қалаушы Джек Ма рейтингіде тек тоғызыншы орынға ие болды. Оның байлығы шамамен 30% - 25,7 миллиард долларға дейін азайды.
Ең бай адамдар тұратын қалалардың алғашқы үштігіне Бейжің, Шэньчжэнь және Шанхай енді, одан кейін Гонконг пен Ханчжоу тұр.
Қытайлық миллиардерлердің орташа жасы – 58.
Басылым атап өткендей, Қытайдағы ең бай адамдар тізімінің қысқаруына әлемдегі пандемия мен геосаяси шиеленіс жағдайында әлемдік экономиканың баяулауы әсер еткен.

Фото: english.www.gov.cn

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале