22.03.2022, 15:40
Оқылды: 86

Қытайдағы ұшақ апаты: Жолаушылар арасында қазақстандықтар жоқ

Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшақтағы жолаушылар арасында қазақстандықтар жоқ.

AB00A376-7C6C-41D1-B7B8-13764D4CFBBD

– Алдын ала мәлімет бойынша аталған ұшақтағы жолаушылар арасында біздің елдің адаматтары болмаған, - делінген Қазақстан Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметте. 

Еске сала кетейік, Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономия ауданында China Eastern Airlines әуе компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Қайғылы оқиға Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы биік таулы аймақтарда болды. Ұшақ бортында 132 адам – 123 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болған. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Дереккөз: baq.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале