1.11.2022, 9:46
Оқылды: 94

Қызыл вагондардағы қыжыл немесе күштеп көшірілгендер

...Туған жерінде, өлең төсегінде емін-еркін, жақсы тұрмыс кешіп жатқан ағайынды бір алаң билеп, жан дүниесін аласұртты. Енді олар кіндік қаны тамған, кір-қоңын жуған жерінен ұзауға мәжбүр. Бұл қалай? Қайда барып күнелтпек? Қайда барып бұрынғыша малын өсіріп, айран-сүтін ішіп, қойын иіріп айдап, ұл-қызымен арқа-жарқа боп отырмақ? Не істеу керек? Иә, көшу керек. Талқыланбайтын, өзгермейтін шешім. Қызыл вагондар, бала-шаға, жоқ-жітік, азын-шоғын мал, қайнап үлгермей суы төгілген самаурын... Жоқшылық та бар, қиыншылық та бар. Өзге жер, өзге ауыл, өзге кәсіп. Иә, бұл – көш, бұл – саясат, бұл – депортация. 

депортация коллаж копия

Өздеріңізге белгілі, бұл тақырып бүгінге дейін зерттелмей келді. Бірен-саран кітап шыққан болар, бірақ  толық зерттелген жоқ. Биылғы 26 қыркүйек күні облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әділгерей Ғаббас пен «Нарын қасіреті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайролла Сабыров керуенді бастады. Мақсат – іздеу, түсіндіру. Жол бойында көшкендердің тағдыры, жан мұңы, жанұясы жайлы айтылды. Облыс орталығында депортацияны зерттеу бағытында құрылған штабтың мақсаты – аудан орталықтарындағы, ауылдық округтердегі қариялармен кеңесу, олардың өмір жолын кейінгі ұрпаққа көрсету. Штаб құрамында мекеме басшылары, елге белгілі азаматтар бар екен. Сол бастаманың бұл алғашқысы. «Әңгіме жолды қысқартады» демекші, сұхбаттасып отырып, Казталов ауданының орталығына лезде келіп қалғандай болдық.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі"  газетінің №129 санынан оқи аласыздар!

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале