19.08.2022, 18:30
Оқылды: 325

Қызыл жалынды ауыздықтау жұмысы жалғасуда

Бүгін Жәнібек ауданында қатты жел тұрып, өрт оқиғасы орын алды.

photo_393287.jpeg

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Берік Испембетовтың айтуынша, аудан орталығындағы Б. Жәнекешев көшесіндегі бір үйдің қорасынан өрт шығып, қатты желдің салдарынан өрт көрші үйді шарпыған.

Тілсіз жаудан 2 үй толықтай өртенсе, 6 үйдің қорасы жанып кетті.

Төтенше жағдайлар, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, шекарашылар, ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері өрттің таралмауына қолдан келгенше жұмыстануда. Тілсіз жаудан 4 үйді аман алып қалды. Сондай-ақ көптеген тұрғын үйлердің аулалары, теректер құлап, электр сымдары үзілді. Аудандық сот ғимаратының шатыры түгелдей ұшып кетті. Абырой болғанда адам шығыны орын алған жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өрт әлі толықтай сөндірілген жоқ.

Айта кетейік, ауа-райының қолайсыздығына байланысты, аудан тұрғындары жарықсыз отыр.

Л. Халина,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz

Суреттің дереккөзі: tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале