27.09.2022, 14:45
Оқылды: 51

Қызылордада артық салмағы бар адамдарға арналған МРТ бар

Қызылорда қаласының тұрғыны Майра Қуанышбаева (аты-жөні өзгертілген) белі қатты ауырып «Q-med» емханасының дәрігерлеріне жүгінген, деп хабарлайды Қызылорда облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

WhatsApp Image 2022-09-27 at 11.09.33

Артық салмағы бар 56 жастағы науқаста бел омыртқасының протрузиясы бар. Жергілікті дәрігер оған МРТ диагностикалық тексеруден өту ұшін жолдама берді. Емханада салмағы 250 келіге дейінгі адамдар үшін аймақтағы жалғыз магниттік-резонанстық томограф бар.

Жақында емханаларға тіркелу науқаны барысында осы медициналық ұйымға тіркелдім. Мен жақын жерде тұрамын. Бұл емхананы таңдаған себебім, толық адамдарға арналған МРТ және басқа диагностикалық, зертханалық қызметтер, сондай-ақ тәжірибелі мамандар бар. Олар менің ауруларымды жеңуге көмектеседі деп сенемін, - дейді Майра Қуанышбаева.

Көбінесе артық салмағы бар адамдарға магниттік-резонанстық томографияны жүргізуден бас тартады. Бұл жабдықтың салмағының шектеулеріне байланысты - үстел де, томограф капсуласы да белгілі бір өлшемдерге арналған. Барлық томографтар 120 келіден асатын салмақты көтере алмайды, дейді «Q-med» емханасының бас дәрігері Шахмарат Оспанов.

Клиниканың магниттік-резонанстық томографы салмағы 250 келіге дейінгі адамдарға арналған. Диагностикалық зерттеу сәулелік жүктемесіз жүргізіледі. Біздің емхана мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде жақында ашылды. Науқастар ағыны үлкен, - деп атап өтті Шахмарат Оспанов.

Жыл басынан бері Қызылорда облысында 19 мыңнан астам МРТ қызметі көрсетілді. Бұл мақсатқа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 679,3 млн теңге бөлінді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале