6.02.2024, 11:45
Оқылды: 86

Латыннан қалай бас тарттық?

Кеңестер билігі тұсында қазаққа жаңа алфавит енгізу күн тәртібінен түспеген мәселелердің қатарында болатын.

калам

Алғашқы Ахмет Байтұрсынов енгізіген араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін алмастыру мақсатында 1928 жылы латын графикасы негізінде қазақ әліпбиін әзірлеу туралы қаулы шығады.

Осыған орай латын әрпіне негізделген қазақ әліпбиі жасалып жазу-сызу грамматикасында латын қарпі қолданыла бастайды.

Алайда латындық негіздегі альфавит қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне жауап бермеді дегенді алға тартып, бүгінгі кириллицаға негізделген жаңа алфавит керек деген ұран қайта көтеріледі.

Осылайша 1940 жылдың 10 қарашасында «Қазақ жазуын латындықтан орыс графикасы негізіндегі жаңа алфавитке ауыстыру» туралы заң қабылданады.

Оның соңы ғасырлар бойы ұлттық жазба мәдениетті қалыптастырған араб графикасын латынға, кейіннен кириллицаға ауыстыру нәтижесінде қазақтар рухани танымда газет, журнал, ғылыми еңбектер мен тарихи материалдар байлығын жинаған жазуынан айырылып бабалар мұратынан жырақта қалады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 («Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалы. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале