10.01.2023, 11:45
Оқылды: 68

Лионель Месси мен Криштиану Роналду жолдастық кездесу өткізеді

Лионель Месси мен Криштиану Роналду ойнайтын Францияның «Пари Сен-Жермен» және Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командалары 19 қаңтарда жолдастық кездесу өткізеді.

CEDA58BA-B2A5-41D8-8D26-B2D109557B8B

Франциялық клуб қысқы оқу-жаттығу жиынының күнтізбесін жариялады. Команда аталған дайындықты жылда Сауд Арабиясы және Қатарда өткізіп келеді.

«Пари Сен-Жермен» 17 қаңтарда Қатар астанасы Доха қаласына келеді. Онда 2022 жылғы әлем чемпионаты өткен стадиондардың бірінде жаттығу жұмыстарын жасайды. Одан кейін 19 қаңтарда жергілікті «Аль-Наср» және «Аль-Хиляль» клубтарымен жолдастық кездесу өткізеді. Содан кейін қайтадан Парижге аттанып кетеді.

Айта кетсек, «Аль-Наср» командасында португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду ойын көрсетеді. Ол аталған клубпен өткен жылдың соңында келісімшартқа қол қойды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале