22.03.2022, 17:00
Оқылды: 88

Лондонда Наурыз мейрамы тойланды

Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері алғаш рет Ұлыбритания астанасында Наурыз мейрамы офлайн форматта аталып өтті.

283A0596-4B72-4311-9B20-0B12AB0104E4

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен Лондон Университеттік колледжінің қазақ студенттер қоғамы ұйымдастырған Наурыз мерекесінде қазақ мәдениеті мен өнері таныстырылды.

Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан өкілдері, сондай-ақ ұйғыр диаспорасы Орталық Азия көктем фестиваліне қатысты.

Мерекелі іс-шараға британ астанасының мыңдаған тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Мерекелік концерт аясында Қазақстан Елшілігінің өкілдері қазақ халық әндерін, сондай-ақ танымал заманауи композицияларды орындады.

Ұлттық стендте зергерлік бұйымдар, ұлттық киім, тұрмыстық заттар, ұлттық тағамдар, сондай-ақ Қазақстанның тарихы, мәдениеті және қазіргі заманы туралы кітаптар мен брошюралар ұсынылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале