27.01.2025, 11:00
Оқылды: 123

Лукашенко Беларусьтегі президент сайлауында жеңіске жетті

Орталық сайлау комиссиясы алдын ала нәтижені ұсынды. Оған сәйкес Александр Лукашенко Беларусьтегі президенттік сайлауының дауыс беру қорытындысында 86,82 пайыз жинады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

2025_01_27_crop-9_9_516x774_lkuashenko

Сурет: Egemen.kz

Беларусь Орталық сайлау комиссиясының 27 қаңтардағы алдын ала мәліметіне сәйкес А.Лукашенко 86,82 пайыз, О.Гайдукевич 2,02 пайыз, А.Хижняк 1,74 пайыз, А.Канопатская 1,86 пайыз және С. Сыранков — 3,21 пайыз дауыс жинаған.

Барлығына қарсы сайлаушылардың 3,60%-ы дауыс берді. Сайлауға қатысу көрсеткіші 85,70 пайызды құрады, ал сайлаушылар саны 6 903 994 адам болды.

Беларусь заңнамасына сәйкес, сайлаушылардың 50 пайыздан астам дауысын жинаған үміткер жеңіске жетеді. ОСК президент сайлауының соңғы қорытындысын 3 ақпанда шығаруды жоспарлап отыр.

Қорытынды расталғаннан кейін А.Лукашенко Беларусьтің президенті болғаны ресми түрде жарияланады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале