11.08.2021, 10:48
Оқылды: 1301

Мәдениет майталманын құттықтады

Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясында мәдениет пен өнердің жанашыры, қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Айдар Батырхановты мерейлі жасымен құттықтау шарасы өтті.

Айдар 1

Шараға БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысып, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің құттықтау хатын табыстады.

Шарада қоғам қайраткерлері мерейтой иесін Серік Сүлеймен, Лавр Хайретденов, Арман Өтеғұлов т.б. зиялы қауым өкілдері құттықтап, сый-сияпат көрсетті.

Мәдениет және өнер қызметкерлері атынан БҚО мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов құттықтап, Айдар ағаға портретін сыйға тартты.

Қай салада қызмет атқарса да адал қызмет атқарған Айдар Тапашұлының еңбегі өлшеусіз.

«Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,

Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді?» дегендей, халқына әр салада қалтқысыз қызмет еткен тұлғаларға ізет жасау – ұрпақ парызы.

Айдар 2

Тәуелсіз Қазақстан шежіресінде Айдар Тапашұлын көпшілік қоғам қайраткері, ғұмырын ел болашағына арнаған зиялы азамат ретінде таниды.

Өмір жолында қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде Қазақ халқының құрметіне бөленді. Өмір жолы, іс-тәжірибесі, пайым-парасаты баршаға үлгі.

Уақыт талабына сай ұтымды іс-қимылдың нәтижесінде халқымыздың бірлігі мен татулығы, жарқын болашағы үшін бірыңғай мемлекеттік саясатты және Елбасымыздың алға қойған міндеттерін іске асыру мақсатында үлкен үлес қосып келеді. Әрқашан Қазақ елінің іргетасын нығайтып, биік мұраттарын шыңдауға  ат салысып жүрген тәжірибелі азамат.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале