ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығы ведомствоға қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін табысты аяқталғанын хабарлайды.

Фото:
Жас музыканттар, балет әртістері, хореографтар мен хор ұжымдарының мүшелері республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдерде өнер көрсетіп, ұлттық өнер мектебінің мерейін үстем етті. Жыл басынан бері түрлі шығармашылық байқауларға 1548 білім алушы қатысып, олардың 1231-і жүлдегер атанды. Бұл жетістік — жас өнерпаздардың табанды ізденісі мен ұстаздардың еселі еңбегінің жемісі. Олар классикалық музыка, балет, заманауи хореография, хор, фортепиано және сахна өнерінің өзге де бағыттарында бақ сынап, кәсіби шеберлігін паш етті.
Жас дарындар Пермь қаласында өткен Екатерина Максимова атындағы XIX «Арабеск-2026» ашық балет әртістері байқауында, Астанада ұйымдастырылған Халықаралық жас хореографтардың фестиваль-байқауында және А. Исакова атындағы XII халықаралық пианистер байқауында үздіктер қатарынан көрінді. Сонымен қатар олар Санкт-Петербургте өткен XI халықаралық балалар мен жасөспірімдер хор чемпионатында, Мәскеуде ұйымдастырылған XII халықаралық «Dance Moscow» жас хореография орындаушылары байқауында және Eurasia Piano Forum алаңында жоғары нәтиже көрсетті.