3.06.2026, 11:45
Оқылды: 32

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияға құжат қабылдау басталды

2026 жылға арналған мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды тағайындау конкурсына құжат қабылдау басталды.

_gluster_2026_6_1_c08943b7f138d581edaf597ba56306dd_1280x720

Мемлекеттік стипендиялар отандық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқан мәдениет пен өнер қайраткерлеріне тағайындалады. Бұл қолдау өнерпаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға, еліміздегі мәдениет және өнер саласының дамуына ықпал етіп қана қоймай, тың идеялар мен жобалардың іске асуына септігін тигізеді.

Байқауға мәдениет пен өнер саласының өкілдері қатыса алады. Құжат қабылдау 2026 жылғы 1 тамызға дейін жалғасады.

Құжатты тапсыру тәртібі, қажетті материалдар тізімі, қабылдау мерзімі мен байқау талаптары туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы білуге болады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале