15.03.2022, 10:15
Оқылды: 76

Майдангер әже мәз-мейрам!

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Мақсот Берген мен «Мақсат» жоғары медициналық колледжі «Ардагерлер ұйымының» төрайымы Валентина Сайгакова Ұлы Отан соғысының ардагері Митрохина Алевтина Тимофеевнаны наурыз айындағы мерекелермен арнайы құттықтады.

IMG-20220315-WA0000

Алевтина Тимофеевна – Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысып, әскери медбике болған жан.  Жиырмаға да толмаған талдырмаш қыз ауыр ұрыстардың ортасында болып, бораған оқ пен оттың арасынан талай жауынгерлерді ұрыс даласынан алып шыққан. Бейбіт өмірде де денсаулық сақтау саласында қызмет етті.  Ұзақ жыл Орал медициналық училищесінде ұстаздық қызмет атқарды. Қызмет істей жүріп, «Фронтовичка» клубының төрайымы болып, ардагерлерден құрылған үлкен хор ұжымын  басқарып, облыс пен аудандарымыздың, көршілес Ресей облыстарының сахналарында өнер көрсетті. А. Митрохина «КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі», Ұлы Отан соғысы ордендерімен және көптеген медальмен марапатталған. Ардагердің шаңырағына арнайы барған облыс ардагерлері ұйымының төрағасы Мақсот Берген майдангер әжейге  гүл шоқтарын сыйлады. Арнап  алып барған бағалы сый-сияпатын тапсырды. Деніне саулық тілеп, немере-шөбере қызығын көре беруге тілектестігін білдірді.

Алевтина әжей өз кезегінде ризашылығын жеткізіп, мәз-мейрам қуанып, риза болды.

Есен Жұма,

Орал қаласы

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале