6.12.2023, 15:00
Оқылды: 59

МӘМС есебінен 100-ге жуық науқас емделіп жатыр

Бұған дейін БҚО-да МӘМС есебінен 10  айда 16 000 жуық ота жасалғандығын хабарлағанбыз.

baa21dbc-1913-412d-b7da-fb403db7e596

Тұрғындар жеке медицина ұйымдарында да сақтандыру қорындағы қаражат арқылы ем ала алады.

Солардың бірі -  “Медициналық орталықта” ЖШС.

Бүгінгі таңда “Медициналық орталықта” әлеуметтік медициналық қоры есебінен 100-ге жуық науқас емделіп жатыр. Аталмыш қордың ықпалымен күрделі әрі қымбат оталар тегін өткізіліп жатыр.

Пациенттер үшін кардиологиялық, гинекологиялық, неврологиялық, офтальмалогия бөлімшелері озық үлгідегі медициналық аппараттармен жабдықталған.

МӘМС енгізілгенге дейін ел азаматтары талдаулар мен тексерулер үшін өз қалтасынан төлеуге мәжбүр болды. Бүгінгі күні әрбір сақтандырылған адам қажет болған жағдайда өз денсаулығының жай-күйі бойынша МӘМС есебінен тексеріліп, емделуге құқықтары бар. Бұл қордың халық үшін қолайлы тұсы деп білеміз, - дейді “Медициналық орталық” ЖШС емдеу ісі бойынша директордың орынбасары Арман Серікұлы.

Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры БҚОФ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале