18.02.2022, 15:16
Оқылды: 118

МӘМС: Жүкті әйелдер мен балаларға тегін стоматологиялық қызмет көрсетіледі

Медициналық сақтандыру қорына түсетін жарналардың ірі көлемі Алматы қаласы есебінен түседі. Бұл туралы Алматы қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

200110124147296a3602379i

«2021 жылы медициналық сақтандыру қорына Республика бойынша 4 млрд 400 млн теңге қаржы жиналды. Айту керек, бұл қорға түскен жарналардың ауқымды көлемі Алматы қаласы есебінен түседі. Былтырғы жылы Алматы қаласынан 70 млрд 3 млн теңге қаржы қорға түсті. Қорға түскен қаржының барлығы да халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерге жұмсалады», - деді спикер.

Сондай-ақ, Тілеухан Әбілдаев МӘМС есебінен көрсетілетін тегін стоматологиялық қызметтер жайлы айтып берді.

«Стоматологиялық қызмет бойынша былтыр Алматыда 1,5 млрд теңгеге көмек көрсетілді. Жалпы стоматологиялық қызмет жоспарлы көмек болып табылады. Оған 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті аналарға көрсетіледі. Жоспарлы көмектің аясында тісті жансыздандыру, пломба салдыру, терапевттің қабылдауында болу, тіс жұлдыру, ерінге, тілге пластикалық операциялар жасау сияқты қызметтер кіреді. Осы жағдайда жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмек түрлері тегін жоспарлы түрде көрсетіледі», - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале