19.01.2022, 11:50
Оқылды: 61

Маңғыстау облысында бекіре уылдырығы өндіріле бастады

 Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында орналасқан «Kazakh osseter» зауыты «Қара» уылдырықтың алғашқы партиясын шығарды. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

9454bab3-1474-4324-b149-17b583572683

Ғылыми-өндірістік кәсіпорын 7 жылдан бері жұмыс істейді. Ондағы мамандар Каспий теңізіндегі жойылуға шақ қалған бекіре балығының 6 түрін арнайы су бассейндерінде өсіріп, бекіре өндіруге дайындаған.

«Kazakh osseter» зауытының басшысы Тұрсынгүл Жақыпованың айтуынша, балық өсіру және одан уылдырық алу ісіне «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының» білікті қызметкерлері көмектескен.

0118a710-a392-4d8d-ad64-37096546bed1

- Балық шаруашылығы ерекше күтімді, шыдамдылықты талап етеді. Мәселен, балықтан уылдырық алу үшін 2,5 ай бұрын +2 немесе +1 температурадағы қыстау жасақтадық. Содан соң білікті мамандарды шақыртып, балықтарды ультрадыбыстық зерттеуден өткізгенбіз. Тәулігіне толғақ шақыртатын Мәскеуден арнайы әкелінген 2 екпе салдырдық. Нәтижесінде бекіреден уылдырық алып отырмыз. Оны мамандар сүзгіден өткізіп, тазартты. Сондай-ақ, +72 градуста қайнатылған ыдыстарға уылдырықты салып, оны арнайы технологиямен консервілеп дайындады, - деді «Kazakh osseter» зауытының басшысы Тұрсынгүл Жақыпова.

Бекіре уылдырығы «Kazakh osseter» зауытының Ақтаудағы дүкендеріне сатылымға шығарылды. Алдағы уақытта тапсырысқа байланысты еліміздің өзге өңірлеріне жөнелту жоспарлануда.

BAQ.KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале