31.05.2022, 20:46
Оқылды: 90

Маңғыстауда ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары сотталды

Маңғыстау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

photo_99971

"Биыл 30 мамырда Ақтау қалалық сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Бақтыбай Ізімтаев күн панельдерін жеткізушілерден субсидия беру кезінде жалпы қамқорлығы үшін пара алу дерегі бойынша кінәлі деп танылып, оған 28 миллион теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Сонымен қатар ол мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сондай-ақ күн панельдерін жеткізушілер Шынболат Құмар, Жақсылық Аралбаев пара бергені үшін сотталып, әрқайсысына 2,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сот "Байсырымов" ЖК иесін жалған құжаттарды ұсыну арқылы субсидия сомасын алған алаяқтық дерегі бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу тағайындады.

Сотталғандардың қылмыстық іс-әрекеті нәтижесінде мемлекетке 6,9 миллион теңге көлемінде залал келтірілген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале