6.01.2023, 18:00
Оқылды: 105

Маңғыстауда жүрегі кенеттен тоқтап қайтыс болатындардың саны артқан

Маңғыстауда жүрегі кенет тоқтап, қайтыс болатындардың саны артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7

2022 жылы облыста жүрек жұмысы бұзылып, 94 науқас көз жұмған.

«Соңғы кезде жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларынан болатын асқынулар мен кенеттен өліп кету жағдайлары көбейіп отыр. Оған науқастардың медициналық көмекке кеш жүгінуі немесе берілген емді тұрақты түрде пайдаланбауы да себеп болып отыр. Соның әсері жүректің жиырылу қызметінің төмендеуіне, жүректің кеңеюіне, жүректің носостық қызметінің төмендеуіне алып келеді. 2022 жылы 1282 науқасқа коронарография жасалды, оның 378 науқасына осы аталған қан-тамырға стенд қойылды»,- деді Маңғыстау облыстық ауруханасы кардиохирургия орталығының кардиолог дәрігері Ақнұр Алдабергенова.

Былтыр орталық ауруханада 260-тай жүрек операциясы жасалған. Оның 213-і ашық түрде өткен. Ал 50-ге жуығы тамыр жолдарына жасалды.

Ота күрделілігіне байланысты бір жарым сағаттан төрт сағатқа дейін созылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале