11.08.2022, 12:00
Оқылды: 74

Маңызды мәселелер көтерілді

Кеше партияның облыстық филиалы ғимаратында Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракция жиналысы өтті. Фракция отырысына облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері, мәслихат хатшысы, сонымен қатар атқарушы мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

1

«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жиналыс отырысына келесі күн тәртібі ұсынылды:

  1. Мектептерді күрделі жөндеу және салу барысы;
  2. Күрделі жөндеу, құрылыс барысы, сондай-ақ студенттердің колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларындағы орындармен қамтамасыз етілуі;
  3. Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері;
  4. Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы.

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов партия активімен жиын өткізген болатын. Онда ол бүгінде бүкіл еліміз бойынша аманаттықтар азаматтардың мүдделерін қорғауға қатысты жұмысқа баса назар аударуы керек екенін атап өтті.

Үкіметтің соңғы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қоғамды толғандырып отырған бірқатар нақты әлеуметтік-экономикалық проблеманы атап өтті. Олардың ішінде: бағаның өсуі, жекелеген тауарлар түрлерін жеткізудегі іркілістер, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері, халықтың нақты табысының төмендеуі сияқты мәселелер бар. Партия бұл жұмысқа белсенді араласуы керек. Жергілікті жерлердегі ахуалдың тиімді мониторингін қамтамасыз ету маңызды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы ерекше назарда болуы тиіс. Жүйелі проблемаларды жедел анықтап, олар бойынша өз шешімдерін ұсыну қажет екендігін айтқан болатын.

6

Осы орайда атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде мемлекеттік органдар басшыларының есептері тыңдалып проблемалық мәселелер көтерілді.

«AMANAT» партиясының облыстық Жол картасының мектептер құрылысы бойынша орындалмау қауіпі бар көрсеткіштер бар.

Осы мәселе және колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларының құрылысы туралы атқарылып жатырған жұмыстар жөніндегі есепті Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының басшысы Ә.Антазиев баяндап берді.

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының м.а. С. Темиргалиеваға мектептердің күрделі жөнделуі бойынша есеп берді.

Келесі мәселе бойынша сөз облыстық мәслихат депутаты, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Н.Серғалиев студенттердің колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларындағы орындармен қамтамасыз етілу туралы айтты.

Фракция отырысының 3 мәселесі бойынша сөз Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а. М.Нуртазиев пен ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Д.Умашев мәселе бойынша есеп берді.

Облыстағы азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы сөз БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық –инновациялық даму басқармасы басшысы орынбасарының м.а. Б.Сатқалиев баяндады.

Фракция жұмысын қорытындылай келе «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі М.Мұқаев өз сөзінде, Батыс Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын халық алдына шығарып, оны орындау туралы өз уәделерімізді бердік деді.

2021 жыл осы бағдарламаның іске асыру жөніндегі Жол картасының бірнеше тармақтары орындалды. Дейтұрғанымен, орындалмау қаупі бар көрсеткіштерде бар, -инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша (6 жоба), бюджеттен (РБ, ЖБ) толық қаржыландырылмауына байланысты (37 жоба), жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге байланысты (3 жоба).

2

Осы проблемалық мәселелерді фракеция мүшелері мен атқарушы органдармен біріккен түрде шешуіміз қажет.

Сонымен қатар, облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесе отырып жәрмеңке ұйымдастыру, онда тұрғындардың жергілікті тауар өндірушілерден делдалсыз тікелей сатып алуын қамтамасыз етуге жағдай жасауды тапсырылды.

"AMANAT" партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале