22.09.2021, 11:49
Оқылды: 103

Марат Қарабаев: Қазақстан соңғы алты айда шетелге 5 мың көлік экспорттады

2021 жылдың қаңтар-шілде аралығында елімізде 320 млрд. теңгенің 47 мыңнан астам автомобилі шығарылды. Және Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстанға 5 мыңға жуық жеңіл автомобиль экспортталды. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының ІХ форумында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

210922124055232e
«Машина жасау салалары арасында ең жоғары өсу динамикасын автомобиль жасау көрсетеді. Индустрияландыру жылдарында алғаш рет қазақстандық автоөнеркәсіптің өнімдері экспорттық нарықтарға шықты, ал ел ішінде сатылған әрбір екінші жаңа жеңіл автомобиль отандық өндіріс болып табылады. 2021 жылғы қаңтар-шілдеде жалпы сомасы 320 млрд теңгеге 47 мыңнан астам автомобиль өндіріліп, өсім 27%-ды құрады. Осы кезеңде Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстанға 5 мыңға жуық жеңіл автомобиль экспортталды», - дейді Марат Қарабаев. Вице-министр Қазақстанда көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының компоненттерін өндіру жолға қойылып келе жатқанын атады. «Мысалы, дискілер, аккумуляторлар, пластикалық бөлшектер, дестелегіштер, шөміштер, бүйір қалқандары, су және май сорғылары, қозғалтқыш рамалары, майлар, сүзгілер өзімізде шығарылады», - деді министрдің орынбасары.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале