27.04.2026, 14:30
Оқылды: 8

Мария Бровкова Азия чемпионатында екі қола иеленді

Қытайдың Хэфей қаласында байдарка мен каноэде есуден өтіп жатқан Азия чемпионатында ел құрамасы сапында өнер көрсетіп жатқан оралдық Мария Бровкова С-1 бағдарламасы бойынша 5000 метр қашықтықта сәтті өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды.

WhatsApp Image 2026-04-27 at 11.17.48

Айта кету керек, бұған дейін отандасымыз 500 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болған еді. Осылайша, құрлықтық додада тұрақты нәтиже көрсетіп келе жатқан спортшы өзінің жоғары дайындық деңгейін тағы бір дәлелдеді.
Мария Бровкованың бұл жетістігі табандылық пен тынымсыз еңбектің жемісі. Жүйелі жаттығу мен кәсіби шеберліктің арқасында ол халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап келеді.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай тұрақты көрсеткіштер спортшының алдағы ірі жарыстарда да жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне негіз қалайды. Қазақстандық есу спортының дамуына үлес қосып жүрген жас спортшының болашағынан зор үміт күтіледі.

WhatsApp Image 2026-04-27 at 11.17.48 (1)

Ел мерейін асқақтатқан Мария Бровкованы кезекті жетістігімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да толағай табыс тілейміз.
Айта кетейік аталмыш Азия чемпионатында алдағы олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін линцензиялық ұпайлар сарапқа салынуда.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале