10.06.2022, 15:15
Оқылды: 205

Марқакөл қорығында балық ұстап алған аю видеоға түсіп қалды

Марқакөл қорығындағы балықтардың уылдырық шашу кезінде өзенге көтерілген майқан балықтар көбіне жыртқыш аңдардың жеміне айналады. Осындай сәттің бірі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

F419F6D4-C66F-4DE4-B5BB-7A3CD65004C9

Қоңыр аюдың балықты аулап, жеп қойған сәті Қарағайлы бұлақ ауылындағы Топольник өзенінің учаскесінде инспекторлар орнатқан камераға түсіп қалды. Қоңыр аю балықты ұстап алып, сол жерде-ақ жеп қойды. Аю азықтанып болған соң да балықтан біраз қалдық қалды. Қалдық қарғалар мен сауысқандарға бұйырды. Бірақ бұл құстардың осы маңға келіп, дыбыс шығарғаны жыртқыш құс кезқұйрықтың келуіне себеп болды, – делінген Марқакөл қорығының Instagram-дағы парақшасында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале