10.09.2024, 10:15
Оқылды: 335

Марокконың оңтүстік-шығысында су тасқынынан 11 адам қаза тапты

Марокконың оңтүстік-шығыс бөлігінде  нөсер жауыннан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті, деп жазады Анадолы агенттігі.

C1A62715-49AC-4AA6-8EB6-9A4BA278C1BD

Сурет: Anadolu Agency / ҚазАқпарат

Қатты дауыл мен су тасқынынан Тата қаласында 7 адам, Тизнит пен Эр-Рашидиде 2 адамнан қаза тапты. Сондай-ақ Тата, Эр-Рашиди және Тарудантта 9 адам із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігінің өкілі Рашид эль-Халефи мәлімдеді.

Эль-Халифи соңғы екі күнде жауған жауын-шашын аймақ үшін жылдық норманың жартысына жуығын құрағанын атап өтті.

Оның айтуынша, су тасқыны салдарынан 24 үй толығымен қираған, 16-сы ішінара бүлінген, тағы 93 жол бүлінген, көлік байланысы үзілген, электр, су және телефон желілері зақымдалған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале