30.01.2022, 17:50
Оқылды: 108

Мәскеуде 22-ші қабаттан құлаған оқушы аман қалды

Мәскеуде 22-қабаттың терезесінен құлаған оқушы қыз ауыр жарақат алмаған. Оқиға достарымен өткізген кеш кезінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

IMG-20220130-WA0015

Мәскеудегі Бирюлево Восточное ауданындағы көпқабатты үйдің 22 қабатының балконынан құлаған сегізінші сынып оқушысы тірі қалды. Қазіргі таңда ол ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қыздың қалай құлағанын анықтап жатыр.

Төтенше жағдай 29 қаңтарда Мәскеудегі Загорьевская көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде болған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сегізінші сынып оқушысы бір балконнан екінші балконға өтпек болған. Оған құрбысы көмектескен. Құрбысы оның қолынан ұстап тұрған. Бірақ әлі жетпей, оқушы төмен құлап кетті.

22-ші қабаттан құлағанына қарамастан, жасөспірім қыз ауыр жарақат алған жоқ. Қазір Филатов ауруханасында дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Оқушыны бұған не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, қыз ішімдік ішкен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале