20.05.2022, 12:15
Оқылды: 137

Мәскеудің архивінен қазақ хандары жазған хаттар табылды

Ресейдің Сыртқы саясат архивінде XVII-XIX ғасырларда жазылған қазақ хандарының хаттары сақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

3F26A8E8-65DA-497E-9C87-BD79CD325DC9

Бұл туралы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Ж.Болдыков бастаған топ Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің қолдауымен Ресейдің Мәскеу қаласына сапарында белгілі болды. «Архив-2025» жоспарын іске асыру мақсатындағы іссапарда мамандар ондағы архивтер мен кітапханалардағы Қазақстан тарихына қатысты құнды деректерді елге әкеледі.

Қазіргі таңда орталық директоры, PhD доктор Ж.Болдыков пен ғылыми қызметкерлер К.Паримбекова, Г.Бисенова, З.Дүкенбаева, Г.Өтепова, Н.Абельдиновтер сақталған маңызды құжаттарды зерттеп-зерделеуде.

«Зерттеушілер еліміздің тарихына қатысты жазба мұралар мен құнды құжаттар тапқан. Атап айтқанда, Ресей мемлекеттік кітапханасынан ел тарихына қатысты 47 мыңға жуық әдебиет алынса, Ресей мемлекеттік тарихи-көпшілік кітапханасынан ХVII ғасырға тиесілі литографиялық кітаптар мен сирек жазба мұралар анықталды. 4 ғасырлық тарихы бар Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архивінің қорын зерттеу барысында жер мәселесіне қатысты құжаттар, карталар мен бұйрықтар белгілі болды. Ал Сыртқы саясат архивінде XVII-XIX ғасырда жазылған қазақ хандарының хаттары сақталған», - делінген ведомство хабарламасында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале