28.05.2021, 16:34
Оқылды: 515

Мәслихат депутатының қатысуымен азаматтық қабылдау өтті

28 мамыр күні Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жанындағы Заң клиникасының аймақтық бөлімшесі Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығынан ашылды.

IMG-20210528-WA0049

«Одақтар үйі» ғимаратында ашылған заң клиникасының басты мақсаты – кәсіподақ мүшелері үшін еңбек құқығы мәселелері бойынша ақысыз заңдық кеңес беру.

Бүгін облыстық «Заң клиникасы» бөлімшесінде №5 қалалық емханасының директоры, Орал қалалық мәслихатының депутаты Тимур Ажғалиев азаматтық қабылдау өткізді.

Қабылдауға денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлер келді. Өздерінің еңбек қатынастарына қатысты шиеленісті мәселелерімен келген мамандардың өтініштерімен көтерілген сұрақтар анонимді түрде қаралды. Депутатқа қойылған сауалдар мен ұсыныстардың көпшілігі жалақы мәселесі мен біліктілікті арттыруға арналған талаптар аясында болды.

IMG-20210528-WA0048

Кездесу соңында Тимур Ажғалиев: «Еңбек қатынастарының мәселесі қоғам байланысын берік ұстау үшін өте маңызды, үнемі назар салып отыруды қажет етеді. Соның ішінде жалақы мәселесі – ең көп кездесетіні. Бұл орайда халық санасымен, қабілеттілік деңгейімен, біліктілігімен өте мұқият жұмыстар жасалынуы тиіс. Әрине, кәсіподақ секілді еңбек ұйымдары бүгінгі таңда бұл мәселелермен табанды күресуде. Халық үні, маман мәселесі айтылу керек, талқылану керек, шешімін табуы тиіс. Сондықтан да осындай азаматтық қабылдаулардың жиі өткізіліп тұруына ат салысамын, - дейді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Заң клиникасы» кабинетінің Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің жетекшісі болып облыстық кәсіподақтар орталығы төрайымының орынбасары Бауыржан Атауов тағайындалды. Құрамында облыстық кәсіподақтар орталығының, салалық кәсіподақ ұйымдарының заңгерлері мен медиаторлар бар.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале