11.01.2023, 14:30
Оқылды: 95

«Масс-медиа туралы» заң жобасының тұжырымдамасы жарияланды

Алтыншы қаңтарда Ашық НҚА порталында «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының Тұжырымдамасы жарияланды. Ал жобаның қоғамдық талқылануы 27 қаңтар күні өтпек. Сізде сайтқа өтіп өз пікіріңіз бен ұсыныстарыңызды онлайн түрде қалдыра аласыз. Жария талқылау нәтижелері енгізілген ұсынымдар жобаны одан әрі әзірлеу барысында қаралады және ескеріледі.

i-533x350

Сурет: maslihat-short.akmol.kz

Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесінде қолданыстағы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңы ескірген, қазіргі заманның легіне сәйкес келмейді және масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастардың қазіргі заманғы талаптарын толық қанағаттандырмайды. Сондықтан сөз бостандығы құқығын нығайтуға және қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің жаңа қағидаттары мен кепілдіктеріне негізделген, сондай-ақ, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабына сәйкес, Қазақстанда осы құқықты шектеудің нақты шарттарын, ең алдымен, Интернет желісінің сегментінде қамтитын заң қабылдау қажет.

Жаңа заңда сөз бостандығы, пікір плюрализмі мен мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен өнегесін қалыптастыруға бағытталған қажетті шектеулер арасындағы тепе-теңдікті белгілейтін түбегейлі жаңа схеманы бекіту ұсынылады.

Осы орайда, негізгі реформалар журналистердің құқықтық мәртебесін арттыруға және олар үшін құқықтық кепілдіктерді күшейтуге бағытталады, деп жазылған.

Жаңа қағидаттарды енгізу тармағында, сөз бостандығын және таратылатын масс-медиа өнімінің шынайылығын одан әрі дамыту мақсатында жаңа заң шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің бірқатар жаңа негізін (қағидаттарын) енгізу ұсынылады:

1) сөз бостандығының кепілі;

2) азамат және адамның жеке өмірін, ар-намысын, қадір-қасиетін құрметтеу;

3) заңдылық;

4) объективтілік;

5) анықтық және ашықтық;

6) өзін-өзі реттеу институтын дамыту;

7) ақпаратқа тең қолжетімділік;

8) отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігі;

9) қоғамдық қауіпсіздік.

Жаңа заңда ұсынылған қағидаттардың ішінде сөз бостандығына кепілдік беру қағидаты басты рөл атқарады. Сөз бостандығына мемлекеттің негізгі                       заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік береді, қолданыстағы БАҚ туралы Заңның 2-бабында бекітілген («Сөз, ақпарат алу және тарату бостандығы») атап өту қажет. Сөз бостандығы қағидатын бекіту арқылы мемлекет БҰҰ Бас Ассамблеясының №59 (I) қарарында жарияланған ақпарат бостандығы адамның іргелі құқығы және Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі арналған барлық басқа бостандықтардың критерийі екенін мойындайды, деп айтылған.

Журналистердің мәртебесін көтеру тармағында: әлемдік тәжірибеде журналистің құқықтық мәртебесі кәсіби қызметті жүзеге асыруға байланысты жан-жақты кепілдіктер беру арқылы іске асырылады. Жаңа заң журналистің мәртебесін арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарына жалған мәліметтерді теріске шығаруға қойылатын талап қою мерзімдерін белгілеу ұсынады.

Сонымен заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдары қандай болмақ?

Құжатта:

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды және:

- БАҚ тәуелсіздігін, сондай-ақ олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге;

- БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;

- журналистердің мәртебесін көтеруге;

- БАҚ-қа сенімнің артуына;

- БАҚ-ты қаржыландыру көздерінің ашықтығын қамтамасыз етуге;

- мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жетілдіруге;

- өзін-өзі реттеу институтын жетілдіруге;

- телерадио хабарларын тарату саласын одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Тұтастай алғанда, заңды қабылдау ақпарат субъектілері, оның ішінде мемлекеттік органдар арасында қоғамдық қатынастарды құруға мүмкіндік береді.

Ұсынылып отырған жаңалықтар Қазақстанның халықаралық рейтингтер мен бағалаулардағы ұстанымдарын жақсартуға ықпал етеді.

Заң жобасы қабылданған жағдайда теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар болжанбайды.

Заң жобасы 11 тараудан, 78 баптан тұрады. Сондай-ақ қорытынды және өтпелі ережелерді, Заңды қолданысқа енгізу тәртібін белгілейтін тарау көзделген.

«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының Тұжырымдамасының толық нұсқасымен Ашық НҚА порталында таныса аласыз.

 

 

zhaikpress.kz

 

 

 

        

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале