28.07.2022, 22:15
Оқылды: 78

Маусым айында Ұлттық банктің жалпы халықаралық резерві төмендеді

Биыл маусым айында елдің жалпы халықаралық резервтері 83,9 млрд АҚШ долларын құрады.

220728181123091e

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдын ала деректер бойынша, 2022 жылғы маусымда Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 2,3 пайызға төмендеп, 32 млрд АҚШ долларын құрады. Алтын-валюта резервтері Ұлттық банктегі валюталық шоттардан клиенттік қаражаттың шығарылуы, сондай-ақ алтын бағасының төмендеу есебінен азайды», - делінген Ұлттық банк мәліметінде.

2022 жылғы маусымның соңында Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (51,9 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резервтері 83,9 млрд АҚШ долларын құрады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл маусым айында Қазақстанда АҚШ долларын сатып алу қарқыны бәсеңдеді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале