27.12.2021, 17:00
Оқылды: 92

Маусым ашылды

Таяуда Орал қаласы маңындағы Хан тоғайына таяу орналасқан «Динамо» шаңғы базасында шаңғы маусымы ашылды. Спорттың бұқаралығын арттыратын осы шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев, қала әкімі Абат Шыныбеков және спорттық құрылымдардың басшылары мен тұрғындар қатысты.

WhatsApp Image 2021-12-27 at 16.41.57 (1)

Барлық қатысушы сөреден бір уақытта аттанып, маршрут бағытымен 4 шақырым шаңғы теуіп өтті. Қазіргі уақытта шаһарда аяз күшейіп, қар қалың түсуде. Енді Шаған бойындағы шаңғы базасында қарбалас көбейеді. Қысқы маусымда көпшілік мұз айдыны мен сырғанақтың да қызығын бір кісідей көреді.

WhatsApp Image 2021-12-27 at 16.41.57 (2)

БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында облыс әкімі Ғали Есқалиев бұқаралық спортты дамытудың маңызы жөнінде атап өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында спорт арқылы ұлт саулығын нығайту, белсенді өмір салтын қалыптастыру басты назарда болатынын мәлімдегені белгілі. Облыста қысқы маусымдағы спорт түрлеріне байланысты жарыстар мен көпшілік іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылмақ.

WhatsApp Image 2021-12-27 at 16.42.00

WhatsApp Image 2021-12-27 at 16.41.58

Нұрлан Ғаппар,

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале