5.02.2025, 12:00
Оқылды: 177

"Маякты" масқара қылды

Өткен апта соңындағы жылымық ауа райы мен ара тұрған жауған қар аралас жаңбыр Оралдағы «Жастар» стадионындағы мұздың сапасына кері әсер еткені рас.  Жылымық апта басында да сақталды. Крастурьинск қаласының «Маяк» командасымен болатын ойын күнінде күн райы аздап суытып, қатқақ болғанымен матч алдында температура тағы көтерілді. Бірақ бенди кез келген ауа райында ойналады. Матч жұмыс күніне түскендіктен сүйікті командасын қолдай келген жанкүер көп болмады. Десе де уақыт тауып стадионнан табылған ағайын «Ақжайық алға»,–деп ойыншыларды желпіндіріп отырды. Тіпті мұз айдыны жанында жұмыс жасап жатқан құрылысшылар да ойын алдындағы жаттығуға шыққан бендишілерді көріп, жұмысын тастап: «Жігіттер, намысты қолдан бермеңдер! Бүгін қай қаланың командасы келді? Сендерген сенеміз»,–деп ойыншыларға қолдау танытып жатты.bbP4qLpTOuw

Матч басталар шақта айналаны қиқуға бөлеген жанкүйерлер де темірді темірге соғып «Ақжайық» хоккейшілеріне өздерінше қолдау танытқан құрылысшылар да сілтідей тынды. Өйткені ойын алдында екі ел әнұраны шырқалды. Матчтың ресми бөлігі аяқталған тұста жанкүйерлер мен құрылысшылар келісіп алғандай қайтадан шулай жөнелді.

k3Obq9hQPeE

Ауа райының жылылығынан мұз сапасы төмендеп ойнауға кедергі болды ма, әлде «Ақжайықтың» қарқынынан семскенді мен қонақ команда матчты қорғаныстан бастады. Краснотурьинск командасын тықсырған оралдық жігіттер тайм басында бірнеше мүмкіндікті голға айналдыра алмады. Бірақ  үзіліске дейін Рауан Исалиев пен Максим Похомов бастаған команда қалай да гол соғып кететіні сезіліп-ақ тұрды. Біраз мүмкіндіктерін мүлт жіберіп жатқан «Ақжайық» ойыншылары жұмысын тастап қолдап тұрған құрылысшылар мен жанкүйерлерін ойынның 6-шы минутында қуантты. Рауан Исалиев әдеттегідей жеке шеберлігінің арқасында қарсыластардың барлығын айналып өтіп, Максим Похомовқа әдемі пас шығарып берді. Жақсы пас берген командаласының еңбегін еш қылмайтын Максим «Маяк» қақпасын дәл көздеді. Осыдан соң қорғаныста жата берсе, іс насырға шабатынын түсінді ме Краснотурьинск қаласының ойыншылары шабуылға лап қойып, Андрей Глазердің көмегімен есеп теңестірді. Бірақ бұл қонақ команданың бірінші таймдағы соңғы тұяқ серпуі екен. Өз алаңында гол жібергенді ұнатпайтын, Оралға келіп гол соғып кеткен команданы аямайтын «Ақжайық» бомбардирі Максим Пахомовқа ерік берді. Бас жібінен босаған асау бұқадай қарсыластарын оңды-солды алдап голдан тау тұрғызған Максим «Маяк» қақпасын тағы 5 мәрте дәл көздеді. Бірінші тайм есебі 6-1.  Демалуға кетіп бара жатқан ойыншыларға сәттілік тілеген жанкүйерлер гол санын 10-ға жеткізу керек деген ұсыныстарын айтып жатты. Бұл сөзді естіген команда капитаны Максим Өтебәлиев: «Бұйырса»,–деп жауап қатты. Бұйырған екен. Екінші тайм басталған бойда Артем Лапшин, Самат Аманшин және Максим Өтебәлиев және Максим Похомов бір-бірден гол соғып есепті 10-1 етті. Тек матч аяқталар шақта қонақ команда тағы бір гол соқты. Осы сәтте жергілікті жанкүйерлер де «Маяк» ойыншыларын құттықтап, жарайсың айтып жатты.

qjX3YClqvMc

Сейсенбі күні командалар екінші мірте күш сынасты. Алғашқы ойында қарсыласының әуселесін байқаған Николай Шавалдин жігіттерге көп күш салмай ойнау керектігін ескертсе керек. «Ақжайық» қарсыласына шабуыл жасауға ерік бергенімен қоранысын қымптады. Сол себепті «Маяк» ойыншылары барын салса да қолдарынан ештеңе келмеді. Ара-тұра «Ақжайық» ойыншылары шабуылды қалай жасау керектігі жайында шеберлік сағатын ұйымдастырып тұрды. Сондай мастер класстың үшеуін өткізген ораллдық команда бірінші таймда жауапсыз үш гол соқты. Есепті Рауан Исалиев ашса, Максим Похомов еселеді. Артынша Нұрбол Бөкешов тағы бір мәрте қарсыласты қапы қалдырды.

1QYUVYbuATw

Екінші таймда жергілікті ойыншылар қорғаныстан шабуылға шығу сабағын жалғастырды. Нәтижесінде қос Максим Өтебалиев пен Похомов шабуыл сабағын бекітіп, бір-бір гол авторлары атанды. Қорғануды ұқпаған қарсылас шабуылдау сабағын аздап болса да меңгергенін көрсетті. Оралдық жанкүйер мен бендишілерінің оң бағасын крастурьнсктық Артем Самойлов алды.

7hJ1SxY-Mx0

Осы екі ойыннан соң 51 ұпай жинаған «Ақжайық» өз тобында көш бастап тұр. Келесі матчтарын ақпанның 7-8 күндері өз алаңында  «Знамя-Удмуртия» командасына қарсы өткізеді. Одан соң 4 ойын сырт алаңда. Кейін плей-офф кезеңі басталады.

Түгелбай Бисен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале