25.08.2022, 17:01
Оқылды: 119

Мәжіліс депутаты жол құрылысының сапасын тексерді

Бүгін Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Аманжан Жамалов Оралдағы 25-ші Чапай дивизиясы көшесінің жолдардың жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

 19

Орал қаласы Теміртау көшесінен 25-ші Чапаев дивизиясы №6 дейін Чапаев дивизиясы көшесінің жолын күрделі жөндеу жұмыстары 2021 жылдан өтпелі кезеңмен жүргізілуде.

Аталмыш нысанның жұмыстары өткен жылдан бері жүргізіліп жатырғандықтан, жұмыстардың 90%-ы дайын. Мердігер мекеменің өкілінің айтуынша, 10 күн шамасында нысан қолданысқа берілетін болады.

20

Қазіргі таңда 25-ші Чапай дивизиясы көшесінде таңба салу, жол белгілерін орнату, жол бойындағы арықтарды қазу, жол съездерін жасау жұмыстары жүргізілуде.

- Бұл нысанның жөндеу жұмыстары өткен жылдың күз маусымынан бастап жүргізілуде. Өтпелі нысан болғандықтан, қазіргі кезде жұмыстың негізгі бөліктері толығымен аяқталды. Ендігі кезекте, таңба салу, жол белгілерін орнату секілді жұмыстар жүргізілуде. Жол ұзындығы – 600 м-ден астам. Жоба құны – 103 млнді құрайды. Жол құрылысынан бөлек, жаяу жүргінші жолдарды салу және арық жүйесінің құрылысы да қарастырылған. Су құбыры жұмыстары да жобаға кіреді. Жалпы ұзындығы – 40 м. Объектіде 30 адам және 20 бірлік техника жұмыс жасайды. Кепілдік мерзімі - 3 жыл. Бұл нысанды 10 күнде ішінде тапсыру қарастырылған, - деді Шамұратов Дастан.

WhatsApp Image 2022-08-25 at 15.56.55 (1)

Өз кезегінде, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамалов Аманжан Орал қаласының ішкіқалалық жол жөндеу жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатырғандығын атап өтіп, бұл нысанға да өз бағасын берді.

- Сайлау алдындағы науқан кезінде жөндеуді қажет ететін мектептер, ауруханалар ретке келтіріліп, қала көшелерінде жолдар салынады деп уәде берілді. Өңіріміздегі жол құрылысы мәселелері де – облыс тұрғындары үшін маңызды екендігі белгілі. Сондықтан бұл жұмыстарға ерекше ден қойылып, сапасына баса назар аударуымыз қажет. Біз өңірлерге сапар барысында сайлауалды бағдарламаның орындалуын қадағалаймыз. Атап айтқанда, мердігерлерден қандай қиындықтар, проблемалар бар екенін, қаржыландыру мәселелерінде сұраймыз. Ең алдымен, біз мердігерлердің нысанды уақытында тапсыру үшін жұмыстарды қалай орындайтынын қадағалаймыз. Қазіргі таңда осы жол мәселелері бойынша жеке бір министрлік құрса деген пікірлер де халық арасында кең тарауда, бірақ айтатыным, бұл мәселе толығымен сапалы және жүйелі сараптаманы қажет етеді, - деп хабарлады депутат.

Бұл нысанның құрылысымен танысқаннан кейін, қаламыздағы үлкен сауда орталықтарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің және мектепке қажетті құрал-жабдықтардың бағаларымен танысып, тікелей сауда орындарының басшыларымен кездесіп, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

21

Сондай-ақ, Аманжан Жамалов бірнеше күн ішінде облыстың бірқатар аудандарына барып, әлеуметтік нысандарды, инженерлік коммуникацияларды жөндеу және құрылыс барысымен танысып, тұрғындардың тілектері мен өзекті мәселелерін тыңдады. Кейбір тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары жергілікті және республикалық деңгейдегі уәкілетті органдар алдында көтерілетін болады.

"AMANAT" партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале